Жарияланған күні: 06.05.2020 19:11
Өзгертілген күні: 06.05.2020 19:12

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

06 мамыр 2020ж.                                                                                        Нұр-Сұлтан қ.

 

«Контрафактілі өнімді анықтау» тақырыбында вебинар өткізілді

 

2020 жылғы 6 мамырда сағат 15.00-де ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы «Schmitt&Orlov Intellectual Property» компаниясымен бірлесіп аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері үшін «Контрафактілі өнімді анықтау» тақырыбында вебинар өткізді.

«Schmitt&Orlov Intellectual Property» компаниясы Пекиндегі бас офисі бар зияткерлік меншік мәселелеріне мамандандырылған халықаралық фирма болып табылады. INTA, MARQUES, GRUR, APAA сияқты халықаралық ұйымдардың тұрақты қатысушысы болып табылады.

Іс-шараның мақсаты - мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің контрафактілік өнімдерді анықтау құзыретін арттыру.

Дәріскер ретінде «Schmitt&Orlov Intellectual Property» компаниясының кеден органдарымен өзара іс-қимыл жасау бойынша маманы Юлия Александровна Шустова сөз сөйледі.

Вебинарға қатысушылар құқық иеленуші компаниялардың тіркелген тауар белгілері туралы, құқық иеленушілердің түпнұсқа өнімдерінің мүмкін болатын контрафактілік өнімдерінен ерекшеленетін белгілері туралы ақпаратпен танысты, сондай-ақ «LACOSTE», «LONGCHAMP» сияқты маркалар мысалында контрафактілік өнімдерден түпнұсқа өнімдердің үлгілері көрсетілді.

Іс-шара барлық қатысушылар арасында талқылау және конструктивті диалог арқылы белсенді түрде табысты өтті.

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі