Жарияланған күні: 07.06.2020 00:39
Өзгертілген күні: 07.06.2020 00:41

2020 жылғы 5 маусымда сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы Schmitt & Orlov Intellectual Property компаниясымен бірлесіп, аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері үшін «Контрафактілік тауарлар және олардың түпнұсқалық тауарлардан айырмашылығы» тақырыбында вебинар өткізді.

Schmitt & Orlov Intellectual Property - зияткерлік меншіктің халықаралық компаниясы, бас кеңсесі Пекинде орналасқан. Ол INTA, MARQUES, GRUR, APAA сияқты халықаралық ұйымдардың тұрақты мүшесі.

Іс-шараның мақсаты - контрафактілік өнімді анықтау бойынша мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің құзыреттілігін арттыру.

Шустова Юлия Александровна - «Шмитт & Орлов» интеллектуалды  Пропертінің кеден органдарымен өзара әрекеттесу бойынша маманы, Молдабаев Аржан - «Шмитт & Орлов» интеллектуалды Пропертінің заңгері, Крохмалев Денис - Procter & Gamble өкілі дәріс оқыды.

 Қазіргі уақытта контрафактілік өнімдермен күресу өзекті тақырып болып таблады,өйткені кез-келген салада сіз жалған тауарларды таба аласыз. Контрафактілік өнімдердің келтіргензалалы және контрафактілік тауарлармен күрес,кеден органдарынынқабылдаған шараларымен қарастырылыды. Контрафактілік өнімдерді тарату тек авторлық құқықиесіне зиян келтірмейді, сонымен қатар сапасытөмен тауарлар денсаулыкка қауіп төндіреді және пайдалану үшін қауіпті.

          Вебинарға қатысушылар авторлық құқық иелерінің тіркелген тауарлық белгілері туралы ақпаратпен, авторлық құқық иеленушілердің мүмкін контрафактілік өнімдерден айрықша белгілерімен, контрафактілік өнімдерден алынған түпнұсқа өнімдердің үлгілерімен, сонымен қатар «LACOSTE», «UNDER ARMOUR», «SUPERDRY» «Procter&Gamble» брендтерін қолдана отырып көрсетілді.

Іс-шара барлық қатысушылар арасындағы пікір таластар мен сындар диалог арқылы белсенді түрде сәтті өтеді.