
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Қостанай облысы бойынша Шекара қызметі департаментімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 26 сәуірінде «Обаған» автомобиль өткізу бекетінде Ресей Федерациясынан бидай әкелудің кезекті әрекетінің жолын кесті.
Бидайды әкелуге тыйым салынғанына қарамастан, шектеуді «айналып өту» мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тағы да 30 тонна бидайды басқа тауармен жасырып, жалған құжаттармен өткізуге тырысты.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 21 сәуірінде "Қайрақ" өткізу бекетінде жалпы салмағы 60 тоннадан асатын бидай әкелудің 2 әрекеті тоқтатылған болатын.
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауға шақырады.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Баспасөз қызметі