Жарияланған күні: 26.04.2016 16:41
Өзгертілген күні: 26.04.2016 16:43

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

ҚР ҚМ Мемлекетік кірістер комитеті аумақтық органдардың басшылары бос лауазымдарына орналасу үшін конкурс өткізді

2016 жылғы 20 сәуір күні Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы жылы күшіне енген мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңнамаға сәйкес бос лауазымдарға орналасу үшін кандидаттармен ішкі конкурста әңгімелесу өткізді.

Қаржы миинистрлігі жүйесінің барлық қызметкерлері арасында С-О-2 санаты бойынша 1 бос орын және С-R-1 санаты бойынша 14 бос орынға орналсу үшін ішкі конкурс 7 сәуірде жарияланды және бес жұмыс күні өткеннен кейін 40 кандидат конкурсқа қатысуға ниет білдірді.

Комитеттің «Достық» кедені басшысының орынбасары лауазымына 6 кандидат, Комитеттің Мемлекеттік кірістер департаменттерінің (бұдан әрі - МКД) аудандары, қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының (бұдан әрі - МКБ) басшылары лауазымдарына елдің 9 облысынан – 35 кандидат қатысуға ниет білдірді.

Кандидаттардың барлығы біліктілік талаптарына сәйкес болды және аудио, видео-жазбаларды пайдалана отырып өткізілітен әңгімелесуге жіберілді.

Әңгімелесудің мақсаты заңнаманы білу ғана емес, сонымен қатар кәсіптік тәжірибесі мен білім дәрежесі, басқарушылық және коммуникативті машықтары, сондай-ақ ішкі қауіпсіздік желісі бойынша беделіне дақ түскен ақпараттардың болуы немесе болмауы назарға алына отырып, кәсіптік және жеке сапасын бағалау болып табылады.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа жазбаша түрде партия ұйымдарынан, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органдарынан, ҚР мемлекеттік кірістер органдарының Ардагерлер Кеңесі Ассоциациясынан, бұқаралық ақпараттар құралдарының өкілдерінен тұратын байқаушылар шақырылды.

Конкурстық комиссия қызметіне:

  1.  Берік Салимжанович Дюсембинов – «Ақ Жол» Демократиялық партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты;
  2. Нұрдәулет Амантаевич Оразханов – Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Орталық комитетінің мүшесі, Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Астана қалалық комитетінің екінші хатшысы; 
  3. Балжан Айтишевна Сеилова – Мемлекеттік кірістер комитеті органдарының Ардагерлер ассоциациясының төрағасы қатысты.

Барлық кандидаттарға 5 сұрақтан: бейінді заңнаманы білу бойынша 3 сұрақ,  1 ахуалдық және 1 мотивациялық сұрақтар қойылды.

Сұрақтар бекітілген сұрақтардың жалпы тізімінен қойылды. Мысалы, салықтық заңнамасын білу бойынша 300 сұрақ, ал кедендік заңнаманы білу бойынша – 200 сұрақ бекітілді. Проекторда онлайн режимінде кездейсоқ сандар генераторы бағдарламасы көрсетілді, әр кандидат үшін сұрақтар нөмірі еркін нысанда таңдалды. Байқаушылардың ішінен Б.С. Дюсембинов ерікті тұлға ретінде нақты уақыт режимінде интернет-ресурста кандидаттар үшін сұрақтарды генерациялап отырды.

Комиссияның барлық мүшелері кандидаттардың жауаптарын бес баллдық шкала бойынша бағалады, одан кейін ведомостер жинап алынды және әр сұрақтың үлес салмағы, кәсіптік тәжірибесі мен білім деңгейі, басқарушылық және коммуникативтік машықтары ескеріле отырып, нысан бойынша жеңімпаздар анықталды:

«Достық» кедені басшысының орынбасары лауазымына

1

Нурпеисов Александр Мухамедьярович

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Жітіқара  ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы  лауазымына

2

Ахметкалиев Нурлан Серикович

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қостанай  ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымына

3

Кабдуллин Танат Ауезханович

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Лисаковск қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымына

4

Сариев Фархат Рафхатович

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Бурабай» мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымына

5

Ахметов Мансур Талгатович

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Жарқайын ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымына

6

Бекентаев Гарифолла Салимгереевич

Павлодар облысы  бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Павлодар  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымына

7

Серикбаева Баглан Мухамеджановна

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ертіс  ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымына

8

Рахметов Мейрамбек Кайратович

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түркістан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымына

9

Тагаев Нурлан Кенжеевич

Қарағанды облысы  бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Балқаш қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымына

10

Келисбеков Бауыржан Мадетович

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Арал  ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымына

11

Дуйсенов Бакыт Жабаевич

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Әйтеке би ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымына

12

Берсугиров Нурлан Мухтарулы

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Алакөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымына

13

Ахметкалиев Арман Нурланович

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Сарқант ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымына

14

Узбеков Арман Кенжегалимович

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Бөкей ордасы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымына

15

Гумаров Радик Маратович

Жеңімпаздар бес жұмыс күннің ішінде Комитет Төрағасының бұйрығымен тиісті лауазымдарға ораналасатын болады.

ҚР ҚМ  Мемлекеттік кірістер комитеті