Жарияланған күні: 13.12.2017 17:14
Өзгертілген күні: 13.12.2017 17:16

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

«Түбіртекті талап ет те  – жүлдені ұтып ал!» науқаны

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде  бүгін 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясының қорытынды ұтысы өткізілді. Басты сыйлық автомобиль және 2 ынталандыру; телевизор және планшет ойнатылды.  

Ұтыстың қорытындысы бойынша ынталандыру сыйлықтардың бақытты иегерлері:

Телевизор: Ида (Қарағанды облысы)

Планшет: Жанар Козгамбаева (Оңтүстік-Қазақстан облысы)

Басты сыйлық - автомобильдің иегері  Павлодар облысының тұрғыны Асет есімді азамат.

«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы «Атамекен» ҰҚП қолдауымен ағымдағы жылдың 1 мамырынан  30 қарашасына дейінгі мерзімде өткізілгенін еске салайық. Осы кезеңде барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларында ай сайын жүлделердің ұтысы мен оларды табыстау өтті.

Акция өткен жеті ай ішінде республика бойынша 336 астам жүлде ұтысқа салынды, соның ішінде тұрмыстық және оргтехника.

Акция шегінде осы мерзім аралығында біз азаматтардан 2,4 миллионға жуық чектерді қабылдадық. 

Акция тауарларды сатып алғаны, жұмыстарды орындағаны және қызметтерді көрсеткені үшін ақшалай есеп-айырысулар кезінде кәсіпкерлердің түбіртектерді беруіне қатысты бақылау-кассалық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған.

Осылайша, Мемлекеттік кірістер комитеті  азаматтарымызға салықтық заңнаманы сақтау бойынша қоғамдық бақылауға қатысуына, оның үстіне бағалы жүлделер ұтып алуға мүмкіндік береді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)