
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Астана қаласы 2018 жылғы 8 қазан
Баспасөз релизі
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде бүгін, ағымдағы жылдың 8 қазанында, ҚР ҚМ МКК Берешектермен жұмыс басқармасының басшысы А.А.Құлшықова мен Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің басшысының міндетін атқарушы А.А. Айтыбековтың қатысуымен «Көлік салығы бойынша берешек туралы хабарламаларды ұсыну бойынша мемлекеттік кірістер органдары мен жол полициясы қызметінің өзара әрекеттестігі» тақырыбына бірлескен брифинг өтті.
Өз баяндамасында А.А. Құлшықова 2018 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша жалпы республика бойынша жеке тұлғалардың көлік салығынан 734 059 борышкердің 18,9 млрд.теңге көлемінде салықтық берешегі барын хабарлады.
Бұл ретте 2,5 млрд.теңге көлеміндегі көлік салығы бойынша салықтық берешек сомасы Астана қаласында тұратын 80 мың көлік иелеріне тиесілі, бұл республика бойынша жалпы берешектің 13%-дан астамын құрайды.
Азаматтардың орындалмаған салықтық міндеттемелері туралы хабардарлығын және көлік салығының жинақталуын арттыру мақсатында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен және Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен ынтымастық туралы меморандум жасалған.
Меморандум шеңберінде Астана қаласында автокөлік иелері Жол жүру ережелерін бұзған кезде, оларда көлік салығынан салықтық берешегі болған жағдайда мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерімен мұндай автокөлік иелеріне салықтық берешек туралы хабарлама табыс етілетін бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Бұл іс-шаралар «Астана қаласында фотобейнесін тіркеу және бейнеталдау жүйенін құру және пайдалану» жобасын іске асыру шеңберінде орнатылған «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешендерінің мүмкіндіктерін қолдану арқылы жүргізілетін болады.
Бұл ретте брифингтің қатысушылары көлік құралдары тек Жол жүру ережелерін бұзған жағдайда тоқтатылатынын, яғни көлік құралдарын себепсіз тоқтату фактілеріне жол берілмейтінін айрықша атап өтті.
Рейдттік іс-шаралар өткізу салықтық берешегі бар автокөлік иелеріне Салық кодексімен қарастырылған хабарламаларды табыс ету мен оларға көлік салығынан берешекті өз еркімен төлеуге мүмкіндік беруге бағытталған.
Хабарлама ұсынылған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде салықтық берешек төленбеген жағдайда мемлекеттік кірістер органдары салық бұйрығын шығаратыны туралы, кейіннен бұл бұйрық салықтық берешекті өндіру жұмысын жүргізу үшін сот орындаушыларына жіберілетіні туралы ҚР ҚМ МКК өкілдері атап өтті.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы 11)