
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Кинологиялық орталығының ветеринарлық және медициналық қамтамассыз ету бөлімінің қызметкерлері 2017 жылғы 26 мамыр мен 27 мамыры аралығында, ОО «малдәрігерлік медициналық қаумдастығы», Lab Techology (Киев, Украина), MARS incorporated- Орталық Азия және Беларусь, «малдәрігерлік медициналық орталығы» (Алматы, Қазақстан) қолдауымен ұйымдастырылған жыл сайынғы ветеринарлық дәрігерлері үшін өткізілетін ветеринарлық конференциясына қатысты, ол жердегі талқылаған басты тақырыптары: «Ұсақ жануарлардың аурулары, оны алдын алу және емдеу, қазіргі заманға сай диагностиканың тәсілдері. ЖКТ аурулары».
Дәріскерлер ретінде қатысқандар: "ФАУНА-СЕРВИС" ғылыми істәжрибиелік орталығының терапия және ұсақ үй жануарларының шұғыл дағдарыстық жағдайларын негізін қалаушы, Украинаның жетекші хирургі, ұсақ жануарлардың кейбір ауруларың, хирургиялық емдеумен өзіндік әдістерін малдәрігерлікке әзірлеп және ендірген Пульняшенко Павел Рейнгольдович (Украина), "Beaphar" Франтишек Полда (Подебрады, Чехия), Шығыс Еуропа компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директорі, биология ғылымдарының кандидаты, ЮНЕСКО Халықаралық бағдарламасының Қазақстандық ұлттық комитетінің мүшесі, "АлемВет" ЖШС директоры, Капанов Адам Адамбекович (Қазақстан), "Техно - Мед" ЖАҚ медициналық жабдықтар бөлімінің, цифрленген рентгенография үшін жабдықтау бойынша маманы Пилипец Дмитрий Александрович (Санкт-Петербург, Ресей).
Конфиренция мақсаты – ветеринарлық дәрігерлердің ұсақ жануарларды емдеу және диагностикадағы кәсіптік шеберліктерін жетілдіру және алынған білімдерді өз кәсіби саласында іске асыру.
Ұсынылған конференцияның бағдарламасында ұсақ жануарлардың репродукциялау мәселелері қаралды: овуляцияның қазіргі заманғы сай әдістері, және жүктілікті жоспарлау, жүктілікті жүргізу және босанудын дұрыс шешімдері, неонаталдарды дамыту ерекшеліктері және өсіру, репродуктивті жүйенің жеке аурулары. Ұсақ жануарлардың кардиопатологиясы, диагностика әдістері, алдын алу және емдеу.
Дәріскерлермен пенкрето-гепато-билиарлық, асқазан диафрагмасы, өңеш ауруларын емдеу және дифференциалды диагностиканың инновациялық ерекше әдістері таныстырылды. Торакальды және эндоскопиялық хирургиясы негіздері көрнекі көрсетілді. Сандық рентгенография үшін құрал-жабдықтармен жұмыс істеу техникалық ерекшеліктері көрсетілді.
Сонымен қатар, ұсақ жануарлардың инфекциялық аурулардың вакциналық алдын алу және ветеринариялық иммунология сұрақтары бойынша заманауи көзқарас қаралды, сондай-ақ "Beaphar" компаниясының препараттармен иттердің мінез-құлқын түзету және витаминді-минералды тепе теңдікті қолдауы қарастырылды. Қорытынды бойынша қатысушыларға тренинг бітіргені туралы сертификаттар табыс етілді. Ветеринарлар- олар тек өз ісінің шеберлері ғана емес, кез келген тиісті тірі жанға қамқоршы және жанашырлық қасиеті бар мамандар болуы тиіс». «Ветеринария саласындағы мамандар үнемі жаңа нәрсе үйренуге, хирургия, терапия, травматология саласындағы жаңа технологиялармен танысуға ұмтылу керек", - деді Украинаның жетекші хирургі Пульняшенко Павел Рейнгольдович.
Қазіргі заман ветеринариясы осы кезеңде алға басты. Бүгінгі күні қазіргі заман ветеринарияда мамандардың біліктілігін арттыруда белгілі бір маңыздылығы бар.
Дәрігер, әр түрлі жаңа технологиялар мен аппараттар көмегімен, әртүрлі әдістермен, уақтылы диагноз қойып хирургиялық жолмен қысқа мерзімді кезеңде емдеумен ғана шектелмейді, жасуша мен клетканың қалай өмір сүретінің молекулалық деңгейде қаңдай процесттер жүретінің аңықтай алады.
Жоғарыда аталған жетістіктер, ветеринариялық хирургия және алынған білім мен дағдылар ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығының ветеринарлық және медециналық қамтамассыз ету бөлімінің қызметкерлерімен бұдан әрі жаңғырту мақсатында, қызметтік иттерді диагностикалау мен емдеу саласында инновациялық технологияларды қолданып және пайдаланылатын болады.
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)