Жарияланған күні: 01.07.2017 18:22
Өзгертілген күні: 01.07.2017 18:25

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Ү.ж. 1 шілде күні Ақмола облысының Целиноград ауданында салық салу мәселелері бойынша көшпелі отырысы өтті. Оның ұйымдастырушылары:   Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы.

Іс-шараға сонымен қатар Міндетті медициналық сақтандыру қорының және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері қатысты.

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев өз алғы сөзінде бүгінгі салық салу мәселелері бойынша отырысы ерекше форматқа ие екендігін атап өтті. Себебі, аталған іс-шара осы ауданның экономикасына және бүкіл еліміздің экономикасына қатысты ең маңызды және өзекті мәселелерін қамтиды.

«Біздің мақсатымыз – барлық қатысушыларға салық салу саласына қатысты бірқатар мәселелерді ашық талқылап, пікір алмасуға мүмкіндік беру», - деді ведомство басшысы.

Отырыстың күн тәртібіне келесі сұрақтар енді:

- Электрондық шот-фактуралардың (ЭШФ) қолданылуы;

- Ауылшаруашылық тауар өндірушілерге қатысты салық салу және шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салықтық режимдерін қолдану;

- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу;

- Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің 4-ші деңгейін енгізу.

Бүгінгі күні, Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде  146 456 тұтынушы (ЖК – 44 613, ЗТ – 71 575, ЖТ – 30 268) тіркелген. Олар 1,1 трлн. теңге соммасына 41 млн. 152 мың 764 электрондық шот фактура шығарды.

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда шот-фактураларды тек электронды нысанда шығаруына көшу процесі кезең-кезеңмен өтуде. Нәтижесінде,             2019 жылдың 1 қаңтардан бастап ҚСҚ төлеушілердің барлығы ЭШФ қолдануға міндетті болады.

Отырыстың барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің негізі себептері (ү.ж. 1 шілдеден күшіне енеді), оның халық үшін басты артықшылықтары айтылып, сондай-ақ жүйенің жұмыс істеу тетігі толықтай түсіндірілді.

Сонымен қатар іс-шара аясында салықтық заңнамасына енгізілетін өзгерістер туралы сөз қозғалды. Нақты айтқанда жаңа Салық кодекстің жобасы талқыланып, бизнес қоғамдастықты және жалпы қоғамды қызықтыратын басқа да өзекті мәселелер қарастырылды.

Мысалы, ауылшаруашылық секторды ынталандыру шаралардың бірі ретінде жаңа Салық кодексте ҚСҚ төлейтін барлық ауылшаруашылық қожалықтарына Бірыңғай жер салығын пайдалануға рұқсат беруі қарастырылған. Еңбекті төлеу қорына салмақты азайту мақсатында қожалықтардың басшысы, мүшелері мен жұмыскерлеріне төленетін әлеуметтік салықты алып тастау ұсынылды.   

Күннің екінші жартысында секциялар жұмысы ұйымдастырылып, отырыстың қорытындылары шығарылды.

Мемлекеттік кірістер комитеті дұрыс қабылдау, сенім және ашықтықтың бірігуі оң нәтижеге және мемлекет пен салық төлеушілердің қажеттіліктері мен мүдделерін одан әрі терең түсінуіне алып келетініне сенеді.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)