
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығымен «Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету» атты арнайы оқу курсы өткізілді
Ағымдағы жылдың 11-15 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік Кірістер Комитеті Оқу-әдістемелік орталығымен (бұдан әрі - ОӘО) Мемлекеттік кірістер департаментінің рентген құрылғыларымен жұмыс жасайтын қызметкерлері үшін «Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету» атты арнайы оқу курсы өткізілді.
Курстың мақсаты ҚР ҚМ МКК қызметкерлерін сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға оқыту, «Simfox» симуляторы бағдарламасын қолдану арқылы қауіпті және тыйым салынған заттарды табу, дағдыларын жақсарту және білімдерін жетілдіру болып табылады, сондай-ақ «Rapiscan», «Rapiscan DV», «Smith-Heimann» және «Heimann-container» атты рентген-телевизиондық құрылғылары туралы негізгі түсініктерімен танысты.
Сонымен қатар қызметкерлерге «Профайлинг» курсы өткізілді. Қатысушылар жолаушыларды тасымалдау барысында заңсыз әрекеттерді алдын алу үшін, қауіпті ықтимал жағдайындағы жолаушыларды анықтау арқылы, заңсыз әрекеттерді болдырмау және анықтау мақсатында профильдеу әдістерімен танысты.
Қатысушылар рентген-телевизиондық қондырғыларының негізгі ұғымымен танысты, радиацианың негізгі түсініктері, радиацианың және радиациялық бақылау түрлерін қарастырды. Тәжірибиелік мақсатта рентген қондырғылары жүкті және тауарды тексеруге, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылардың, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді анықтау және іздестіру мәселелерін шешуге, контрабандалық товарлар, автокөліктер және есірткі заттарды заңсыз тасымалдау әрекеттерін тоқтатуға қолданылады.
Осы курстың дәріскерлері ҚР ҚМ МКК ОӘО-ның қызметкерлері Қасымқұлова Л., Ктанов Е., Малдыбаева З. және Айтжанов Д. болып табылды.
Курс қорытындысы негізінде тыңдаушылар рентген-телевизиялық құрылғыны орнатудың практикалық дағдыларын, кеден шекарасы арқылы тасымалдауға тыйым салынған және шектеулі тауарларды шебер анықтау мақсатында қол жүгі және жүк тауарларын сұрыптай білу қабілетін меңгерді.
Арнайы оқу курсы белсенді түрде, барлық қатысушылардың арасында талқылау, пікірталас және конструктивтік диалог құру арқылы өтті.
Курс соңында оқуды тыңдаған қызметкерлерге сертификаттар табысталды.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің экспорттық бақылау және шекаралардың қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламасы атынан дәріскер, Қазақстандағы бағдарлама жетекшісі, Эндрю Чилкоут, ҚР ҚМ МКК ОӘО цифрландыру және қашықтықтан оқыту бөлімінің басшысы Лаззат Тұрдакынқызы Қасымқұлованы ҚР ҚМ МКК мен ЭКГБ бағдарламасы арасындағы ынтымақтастыққа қосқан зор үлесін тану белгісі ретінде ЭКГ бағдарламасының алтын медалімен марапаттады.
Бүгінгі таңда ВКС жүйесі арқылы 11 мыңнан астам қызметкер оқытылғаны және 400-ден астам оператор ренгтен талдауы бойынша сертификатталғаны атап өтілді, әрине бұл Қазақстан, Орталық Азияны толықтай алғандағы қауіпсіздіктің неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізуге әкелді.