Жарияланған күні: 22.09.2017 18:30
Өзгертілген күні: 22.09.2017 18:30

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

ҚР ҚМ МКК ОӘО 2017 жылғы 4 – 22 қыркүйек арасында «Экспорттық бақылау. Екі ұдай мақсаттағы тауарларды сәйкестендіру. Жаппай қырып-жоятын қару» деген тақырыпқа қашықтан семинарды өткізді.  Семинар видеоконференц байланыс тәртібінде «POLYCOM» жүйесі бойынша өткізілді.

Семинар мынадай тақырыптар мен кезеңдер бойынша іске асырылды:

- «Екі ұдай мақсаттағы тауарларды сәйкестендіру. Жаппай қырып-жоятын қару (Экспорттық бақылау. Биологиялық қару)» 2017 жылғы 4-8 қыркүйек;

- «Екі ұдай мақсаттағы тауарларды сәйкестендіру. Жаппай қырып-жоятын қару (Химиялық қару)» 2017 жылғы 11-15 қыркүйек;

- «Екі ұдай мақсаттағы тауарларды сәйкестендіру. Жаппай қырып-жоятын қару (Ядролық қару. Зымыран жеткізу жүйелері)» 2017 жылғы 18-22 қыркүйек.

         Оқу материалдары http://192.168.204.44 қашықтан оқыту порталында орналысқан және тыңдаушылармен өз бетімен оқылды.

Дәріскерлер ретінде ОӘО қызметкерлері Абдухалимов Б.И., Айтжанов Д.А., Айгелов А.Т. сөз сөйледі, дәрістерге түсініктімелерді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры  Тажибаева Т.Л.  берді. Іс-шараға ҚР ҚМ МКК, мемлекеттік кірістер органдары, ОКЗ, ОӘО қызметкерлері, ҚР АҚШ елшілігінің өкілі қатысты.

Семинарды өткізу барысында экпортты лицензиялау, екі ұдай мақсаттағы тауарларды сәйкестендіру, жаппай қырып-жоятын қаруды таратуға қарсы қимылға бағытталған шараларды қолдану мәселелері талқыланды.   

Семинардың нәтижесі бойынша сауалнама өткізілді. Сауалнамаларды өңдеу семинар ұйымдастырудан қатысушылардың жоғары қанағаттанушылығын көрсетті.

Семинардың нәтижесі бойынша бақылау сынақтаманы сәтті өткен 62 қатысушыға сертификаттар беріледі.

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Жеңіс даңғылы, 11)