
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2018 жылдың 3-5 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы «Зияткерлік меншік объектілерінің құқығын қорғаудың ерекшеліктері» тақырыбына видеоконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты - зияткерлік меншік объектілерінің құқығын қорғаудың саласында мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру.
Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдары экономикалық тергеу қызметі және кеден бағытынан контрафактілік өнімнің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы жауапты қызметкерлері қатысты.
Дәріскер ретінде Жанат Нұрмағамбетов - «Болотов и партнеры» ЖШС аға заңгері, Нұргүл Абдреева - «Бейкер и Макензи» компаниясының заңгері, Сабина Бекмухамедова - «Бейкер и Макензи» компаниясы заңгерінің көмекшісі қатысты.
Қатысушылар зияткерлік меншік институтымен, авторлық құқық объектілерімен, өнеркәсіптік меншік обьектілерімен, тауар белгісі ұғымымен, тауар белгісіне құқықтың туындауы және түгесілеуімен, зияткерлік меншік объектілерін қорғаудың кедендік шараларымен, Hyundai және KIA контрафактілік және түпнұсқалық тауарларын сәйкестендіру үшін әдістемемен таныстырылды.
Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде сәтті өтті.
Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар беріледі.
Семинардың материалдары ftp://ftp.kgd.gov.kz ресурсында орналыстырылды.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы 11)