Жарияланған күні: 06.06.2017 18:41
Өзгертілген күні: 06.06.2017 18:41

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заң қызметінің басшыларымен және аудандық мемлекеттік кірістер органдарының салықтық аудит бөлімшесімен семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңестің бірінші күнінде заң қызметінің аспектілері бойынша (сот, әкімшілік тәжірибе және құқық қорғау қызметі) және мемлекеттік кірістер органдарының имиджін көтеретін салықтық аудит бөлімшесінде туындаған мәселе сұрақтары мен оның шешу жолдары талқыланды.

Салықтық аудитті және аудандық заң қызметін біріктірген, семинар-кеңестің екінші күні де қызыққа толы болды.

Сонымен қатар, екінші күнде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының судьясы, Бас прокуратураның өкілі, Қазақстан Республикасының заңнама Институтының өкілі, Комитеттің Төрағасы қатысты.

Өз сөзінде Комитеттің Төрағасы А.М.Теңгебаев мемлекеттік кірістер органдарының қызметінің маңыздылығын және оны одан әрі жетілдіру қажеттілігін нұсқап, шараға екпін берді.

Мемлекеттік кірістер органдарының қызметін одан әрі жақсаруына және жетілуіне Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының судьясы, сонымен бірге Бас прокуратураның өкілі де ниет білдірді.

Аталған шара Республика бойынша аудит бөлімшесінде және заң қызметінде кездесетін мәселе сұрақтарын анықтауға және оны талқылауға мүмкіндік берді.

Семинар-кеңестің соңында ең алдымен салық төлеушілердің мүддесін сақтауға және мемлекеттік кірістер органдарының қызметін жақсартуға бағытталған  нұсқамалар шығарылды.

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Бейбітшілік 10)