Жарияланған күні: 01.08.2019 14:31
Өзгертілген күні: 01.08.2019 17:37

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

1 тамыз 2019 ж.                                                                                                    Нұр-Сұлтан қ.

 

ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуді ұйымдастыру схемасының өзгеруіне байланысты "Сырым" АӨП-нің өткізу мүмкіндігі ұлғайтылды

 

БҚО "Сырым" АӨП тәулігіне 150 автокөлік құралын өткізу мүмкіндігіне ие, 75 кіру және 75 шығу жүргізіледі. Инфрақұрылым өткізу пунктінің аумағына кіруге 4 жүк автомашинасынан артық емес және ҚР-дан шығуға 4 жүк автомашинасын бақылау жүргізу үшін бір мезгілде іске қосуға мүмкіндік береді. Автокөлік ағынының ұлғаюына байланысты іс жүзінде кіру үшін 5-ке дейін және шығу үшін 5-ке дейін саны артты.

Айта кетерлік жайт, жеміс-көкөніс өнімдері бар АКҚ ағынының маусымдық өсуіне байланысты өсу болды. Мамыр айында және маусымның бірінші жартысында жүктердің орташа саны шығу үшін тәулігіне 150-180 құрады, 21 маусымнан бастап 250 АКҚ дейін өсті.

МКД қызметкерлерінің рәсімдеуіне жұмсалатын нақты уақыт 2-3 минуттан аспайды.

А. ж. 31 шілдесінде экспортқа 160-қа жуық АКҚ, бейтарап аумақта 30-ға жуық АКҚ шоғырлануы байқалды.

Соңғы 3 күнде автокөлік құралдары өткізілді:

29.07.2019ж. экспорт-70, импорт-40;

30.07.2019 ж. экспорт-60, импорт 80;

31.07.2019 ж. экспорт-160, импорт 40.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен ҚР ҰҚК ШҚ 2029 әскери бөлімі жүк АКҚ-ның жиналуын болдырмау үшін "Сырым" өткізу пунктінде адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуді ұйымдастыру схемасына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Өзгерістерге сәйкес, Қазақстан Республикасынан шығу кезінде автокөлік құралдарын өткізу пунктіне кіргенге дейін құжатпен экспорттық бақылау жүргізіледі. Бұл"Сырым" АӨП өткізу мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік берді.

Анықтама:

БҚО "Сырым" автомобиль өткізу пункті Орал қаласынан 60 км қашықтықта "М-32 Самара-Шымкент"халықаралық тас жолында орналасқан. Ресей Федерациясындағы шектес өткізу пункті "Маштаково" Көпжақты автомобильдерді өткізу пункті болып табылады. Бейтарап жолақ шамамен 1,5 км.

Өткізу пунктінің қызметі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қарамағында болады. Тиісінше, өткізу пунктінің аумағына АКҚ-ның кіруін және шығуын бақылауды Шекара қызметі жүзеге асырады.

Өткізу пунктінің аумағында шекаралық бақылаумен қатар (паспорттық бақылау, барлық АКҚ, оның ішінде жүк және жеңіл АКҚ тексеру) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өткізілетін тауарлар бойынша (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения) Мемлекеттік кірістер органдары экспорттық бақылауды жүзеге асырады.

 

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)