Жарияланған күні: 12.09.2023 15:13
Өзгертілген күні: 12.09.2023 15:14

Байкенова Қарлығаш Шолтыққызы еңбек жолын 1994 жылы Көкшетау облысы бойынша салық инспекциясында бастаған. Банкроттық және мәжбүрлеп өндіру, аудит, талдау және болжау, қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімшелерінде жұмыс істеді. Қазіргі уақытта зейнеткерлік жасқа толуына байланысты лайықты демалыста. Әріптестері оны жауапты және кәсіби маман, сондай-ақ мейірімді және жанашыр адам деп әрдйым еске алады.

Қарлығаш Шолтыққызы екі қыз тәрбиелеп өсірді. Шаяндина Гүлжан Ахметжанқызы сол мамандықты таңдап, 2001 жылы еңбек жолын Арқалық қаласы бойынша Салық комитетінде салық төлеушілермен жұмыс бөлімінде бастады.  2005 жылдан бастап салықтық әкімшілендіру басқармасында, 2010 жылдан бастап Қаржы министрлігі Салық комитетінің әдіснама басқармасында жұмыс істеп, 2016 жылдан бастап әдіснама басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарады. 

2017 жылы Салық кодексін әзірлеуге, ЭШФ әзірлеуге және енгізуге қатысты. Оның барлық мәселелерге сауатты көзқарасын, оларды іске асырудағы еңбекқорлығын және жедел шешім қабылдау қабілетін атап өту қажет.

"Салық қызметінің үздігі" төсбелгісімен, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерейтойлық медалімен наградталған.