Жарияланған күні: 05.03.2019 12:10
Өзгертілген күні: 05.03.2019 12:13

Құрметті салық төлеушілер!

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана уақыты бойынша 04.03.2019 жылы сағат 12:00-ден 17:45-ке дейін ДҚ-да деректер көлемінің артуына байланысты ЭШФ АЖ қайта іске қосылғанын, сонымен қатар сұраныстар мен уақытша файлдарды тазалау жүргізілгенін назарларыңызға жеткізеді. Осыған байланысты көрсетілген уақыт аралығында "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесі қол жетімді болмады.

Сонымен қатар, сағат 9.40-тан 12.00-ге дейін ЭШФ АЖ басты бетін баяу жүктеу жағдайлары байқалды.

 

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!