
Құрметті салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірстер Комитеті 2018 жылғы 17 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 21.00-ден бастап 18 мамыр күні сағат 02.30-ға дейінгі уақыт аралығында «Электрондық шот-фактура» ақпараттық жүйе жаңартылу пакетін орнату жұмыстары жүргізілетінін мәлімдейді. Жаңарту пакетіне келесі тапсырмалар енді:
- ЭШФ бланкін толтыру кезінде күнтізбедегі күндердің көрсетілімі жөнделді.
- Тауар алмасуы болмаған жағдайда және тауар жіберушінің виртуалды қоймасында болмаған жағдайда түзетілген ЭШФ жіберуді болдырмау қателігі түзетілді.
- «ТД немесе 328.00 СЕФ тауар позициясының нөмірі» өрісі «Тауар қалдықтары» журналында іздеу фильтріне және форма толтыру кезінде (егер тауар қоймадан таңдалса) «Тауарды таңдау» терезесіне қосылды.
- Түзетілген ЭШФ қайтарып алу кезінде негізгі ЭШФ қалпына келтіру функциясын жүзеге асыру.
- ИМ 70 00 процедурасы енетін ТД ЭШФ АЖ-не жүктеу бойынша өңдеу қосылды.
- Веб/импорт/АПИ кезінде айналым өткізілу күнін тексеруге «'Айналым өткізілу күні' реквизиті дұрыс көрсетілмеген» ФЛТ қосылды.
- Бір уақытта ВҚ-да бірнеше формаларды жою мүмкіндігін қосу, «Шимай түрі» және «Қателік» статустағы нысандар үшін.
- ЭШФ АЖ веб-қосымшасында импортталған ЭШФ өзгерту мүмкін, өзгертулер ЭШФ жасау ережелеріне сәйкес жүргізіледі
- "ЭШФ Кеңейтілген іздеу" ЭШФ журнал фильтріне "ЭШФ статус тағайындау күні" критерийі қосылды.
Осыған байланысты, белгіленген уақыт кезеңінде «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қол жетімді болмайды.
Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!