Жарияланған күні: 30.06.2022 18:57
Өзгертілген күні: 30.06.2022 18:58

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Сіздің назарыңызға Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 30.06.2022 жылы сағат 22:00-ден 01.07.2022 жылы 02:00-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде жүйені тоқтатып, жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілетінін жеткізеді.

Жүйені жаңарту ВҚ нысандарында Қалдықтар/Өндіріс және 01.07.2022 ж. бастап берілген СТ-1, СТ-КЗ сертификаттарының иелерінде ЭШФ/ТІЖ жазып беру кезінде мынадай тексерулерді енгізу мақсатында жүргізілетін болады:

1) «Қолданыстағы» сертификат мәртебесін тексеру;

2) СЭҚ ТН кодының сертификатпен сәйкес келуі;

3) Егер сертификатта өлшем бірлігі көрсетілсе, онда мәннің сертификатпен сәйкес келуі;

4) Егер СТ-1 сертификатында алушы елдің коды көрсетілсе, онда кодтың сертификатпен сәйкес келуі;

5) Егер сертификатта саны көрсетілсе, сертификат бойынша қалдықты тексеру.

Жүйе сертификат бойынша санынан асатын ЭШФ/ТІЖ жазып беруге мүмкіндік бермейтін болады. Сертификат бойынша қалдықтарды СТ-1, СТ-КЗ сертификаттар журналында қоса берілген құжаттардан көруге болады.