
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Whatsapp-та таратылатын ақпараттарға қатысты
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Whatsapp желісінде таратылған жеке тұлғалар ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін салықтарын төлемеген жағдайда айыппұл түріндегі алдағы санкциялар туралы ақпараттарға қатысы жоқ екенін салық төлеушілердің назарына салады.
Бұл ретте, таратылуға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің қолданыстағы сервис порталында сілтеме көрсетілген.
Аталған сервис онлайн режимде есептеулерді емес, берешектерді қарау үшін әзірленгенін салық төлеушілердің назарына салады.
Тиісінше:
- жеке тұлғаның мүлік салығы бойынша өсімпұлмен қоса, берешекті (2017 жыл үшін салық міндеттері жөнінде) 2018 жылғы 1 қазаннан бастап көре алады;
- жеке тұлға көлік құралы салығы бойынша өсімпұлмен қоса, берешекті (2017 жыл үшін салық міндеттері жөнінде) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап көре алады.
Жоғарыда жазылғандардың негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ұқсас таратуларға көңіл аудармауды және оларды әлеуметтік желі бойынша таратпауды сұрайды.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз - қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)