
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 185 баптың 2 тармағына сәйкес "Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларация ұсыну міндеті жүктелген Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ жеке тұлғалар салық салу объектісі болып табылатын кірістері және Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де орналасқан мүлкі туралы «жеке табыс салығы бойынша декларациясын » есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей, яғни 2017 жылғы декларацияны 2018 жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей ұсынылады.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)