Жарияланған күні: 27.11.2017 15:25
Өзгертілген күні: 27.11.2017 15:26

Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті биоотынға ілеспе жүкқұжатқа өзгертулер (мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттағы биоотын бойынша ақпарат бөлігінде XSD-схемасына) енгізілгендігін сіздердің мәліметіңізге жеткізеді.

Өзгертулер биоотын үшін ПИН-код өрісінің міндеттілігін жоюға байланысты. Осыған байланысты биоотын бойынша ақпараты бар ілеспе жүкқұжатты импорттау кезінде келесі нұсқаларда толтыруға болады:

- xml-файлда қолданыстағы дұрыс ПИН-кодты көрсету. Хml-файлды импорттау кезінде биоотын туралы ақпаратты анықтамалық бойынша іздеу орындалатын болады. Қате ПИН-код жағдайында импорттау қатемен аяқталады;

- xml-файлда биоотынның атауын көрсету. Бұл жағдайда ПИН-кодты көрсету қажет емес, бірақ  хml-файлды импорттау кезінде анықтамалық бойынша іздеу және тексеру бұл жағдайда орындалмайды.

Ілеспе жүкқұжаттың XSD-схемасының сипаттамасы және XML форматында импорттауға арналған мысал келесі сілтеме бойынша орналасқан:

ftp://ftp.salyk.kz/SONO/SNN/Format/XML_SNN.zip