
Құрметті салық төлеушлер!
Мемлекеттік кірістер комитеті 2017 жылғы 1 қазаннан бастап «Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидалары» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 12 мамырдағы № 301 бұйрығы (бұдан әрі - Бұйрық) күшіне енетіндігін хабарлайды.
2017 жылғы 1 қазаннан бастап электрондық-счет фактураларды (бұдан әрі - ЭШФ) ресімдеу бұйрықпен бекітілген бланк нысаны бойынша жүзеге асырылады.
Осы талап өткізу бойынша айналым 2017 жылғы қыркүйекте жасалған, ал ЭШФ жазу мерзімі 2017 жылғы қазанға келетін ЭШФ-ға да таратылады.
ЭШФ-ны жазу www.esf.gov.kz мекенжайы бойынша қол жетімді немесе жаңартылған API-тетігі арқылы «Электрондық-счет фактуралар» ақпараттық жүйесінің Web-қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, ЭШФ АЖ қатысушыларына 2017 жылғы 1 қазанға дейін қолданылған API-тетігінің нұсқасы бойынша ERP-жүйелерінде ЭШФ жазып беру мүмкіндігі беріледі, бұл ретте ЭШФ-ның қағаз нұсқасын басып шығару ЭШФ АЖ web-қосымшасы арқылы ғана мүмкін болады.
ЭШФ АЖ web-қосымшасында жұмыс істеу үшін Crypto Socket утилитасын орнату қажеттілігін қосымша хабарлаймыз, оның орнату пакеті https://kgd.gov.kz/kk/content/bagdarlamalyk-kamtamasyz-etu-1-0 мекенжайы бойынша орналастырылған.