
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Құрметті желі пайдаланушылар – ҚР азаматтары!!
Мемлекеттік кірістер комитеті халықпен кері байланысты қалыптастыру және жосықсыз салықтөлеушілер туралы ақпаратты жинау, сондай-ақ көлеңкелі экономикаға іс-қимыл жасау мақсатында 2015 жылдың шілдесінен WhatsApp мобилдік қосымшасы арқылы +7 700 102 0202 нөмірін пайдалана бастады.
Бүгінгі күні біз көлеңкелі экономикаға қарсы күрес бойынша барлық жүйелі шараларды қамтитын Wipon жаңа мобилдік қосымшасын іске қостық.
Қазіргі таңда Wipon арқылы 540 өтініш келіп түсті және олар бойынша тиісті шаралар қабылдаудамыз.
Осыған орай, МКК-мен байланыс каналдарының қайталануын болдырмау мақсатында WhatsApp қосымшасындағы нөмір өз қызметін тоқтатады.
Жосықсыз салықтөлеушілер туралы дәйектер болған жағдайда Wipon мобилдік қосымшасын қондырып, біздің ведомстваға жедел хабарлауыңызды сұраймыз.
Біздің жұмысымызға көмек көрсетіп жүрген еліміздің белсенді азаматтарына алғыс білдіреміз.
Әрі қарай нәтижелі ынтымақтастық және Сіздердің қолдауларынызға ие болатынымызға үміттіміз!
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)