Жарияланған күні: 12.10.2022 16:45
Өзгертілген күні: 12.10.2022 16:48

2022 жылғы 11 қазанда Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Д.Жанәлінов пен Қазақстан Республикасындағы Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Д.Дюшекеевтің кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар қазақ-қырғыз шекарасынан, оның ішінде жекелеген бизнес-процестерді цифрландыру арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өтуі мәселелерін талқылады.

Талқылау барысында Д.Жанәлінов Еуразиялық экономикалық одақтың шарттық-құқықтық базасы аясындағы ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді.

Д.Дюшекеев, өз кезегінде, бұрын қырғыз тарапы ұсынған навигациялық пломбаларды қолдану бойынша пилоттық жобаны белсенді түрде зерделеуге дайын екенін айтты.

Кездесу достық және жылы атмосферада өтті.