
Мемлекеттік кірістер комитеті «Қызмет көрсету орталығының үздік қызметкері» атағына 223 МКБ арасында ай сайынғы конкурс шеңберінде 2022 жылдың қазан айында конкурс өткізді.
Конкурс аумақтық МҚҚБ қызметкерлеріне жасырын қоңырау шалу жолымен өткізіледі және бірнеше критерийлерді қамтиды:
- Жеке деректерді ұсына отырып, салық төлеушінің корпоративтік сәлемдесуі;
- Қойылған сұраққа толық және дұрыс кеңес беру;
- Салық төлеушінің қарсылықтарына, даулы мәселелеріне барабар жауап беру қабілеті.
Бұл конкурс қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің қызмет көрсету нәтижесіне объективті баға алуға бағытталған және мемлекеттік кірістер органдарының көрсетілген қызметтерінің сапасын арттыруға тікелей әсер етеді.
2022 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша «Кызмет көрсету орталығының үздік қызметкерлері»:
2022 жылдың қазан айында «Байланыс орталығының үздік қызметкері» атағына конкурс өткізілді, оның қорытындысы бойынша Түркістан облысы бойынша МКД байланыс орталығының бас маманы-Өмірзақова Сәуле Жайылханқызы үздік қызметкер болып танылды.
Сәуле Жайылханқызының Мемлекеттік кірістер органдарындағы жұмыс тәжірибесі 26 жыл.
Сәуле Жайылханқызы өзін тамаша нәтижеге бағытталған жауапты қызметкер ретінде танытты, инновациялық шешімдерді тез қабылдауға және оларды қабылдағаны үшін жауапкершілікке әрқашан дайын.
Асқар Онлабайұлы Нұрбеков-Жамбыл облысы Шу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы.
Мемлекеттік кірістер органдарында 2008 жылғы наурыздан бастап жұмыс істейді.
Асқар Онлабайұлы өз ісінің кәсіпқойы, мақсатты, талапшыл, жауапты қызметкер, ұжымда құрметке ие, өзінің үлгісімен жас ұрпақты қойылған міндеттерді орындауға ынталандырады.
Еңбек тәртібін және қызметтік тәртіптің ішкі ережелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын қатаң сақтайды.
Бейсенов Ренат Жанатұлы-Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы
Мемлекеттік кірістер органдарында 2019 жылдан бастап жұмыс істейді.
Жұмыс барысында ол өзін жауапты, білікті, талапшыл маман ретінде көрсетті, лауазымдық міндеттерін үлгілі орындайды, өзінің кәсіби деңгейін үнемі жоғарылатады, еңбек уақытын шебер бөледі.
Жұмыста ол лауазымдық міндеттерді орындаудағы принциптілікпен, бастамашылықпен және шығармашылықпен сипатталады, өзінің лауазымдық міндеттерінің шеңбері бойынша тәуелсіз шешім қабылдауға қабілетті, Халықпен жұмыс істей алады. Ұжымда құрметке ие.