
Мемлекеттік кірістер комитеті «Қызмет көрсету орталығының үздік қызметкері» атағына 223 МКБ арасында ай сайынғы конкурс шеңберінде 2022 жылдың желтоқсан айында конкурс өткізді.
Конкурс аумақтық МҚҚБ қызметкерлеріне жасырын қоңырау шалу жолымен өткізіледі және бірнеше критерийлерді қамтиды:
- Жеке деректерді ұсына отырып, салық төлеушінің корпоративтік сәлемдесуі;
- Қойылған сұраққа толық және дұрыс кеңес беру;
- Салық төлеушінің қарсылықтарына, даулы мәселелеріне барабар жауап беру қабілеті.
Бұл конкурс қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің қызмет көрсету нәтижесіне объективті баға алуға бағытталған және мемлекеттік кірістер органдарының көрсетілген қызметтерінің сапасын арттыруға тікелей әсер етеді.
2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша «Кызмет көрсету орталығының үздік қызметкері»:
Манакова Гаухар Кажмухановна – Шығыс Қазақстан облысы бойынша МКД Риддер қ. МКБ салықтық бақылау и жинақтау бөлімінің бас маманы болып танылды.
Манакова Гаухар Кажмухановна Мемлекеттік кірістер органдарында жұмыс 2008 жылдың қараша айынан бастап жұмыс жасайды.
Манакова Гаухар Кажмухановна жұмыс барысында өзін жауапкершілігі бар, сауатты маман ретінде көрсете білді. Міндеттерін орындау барысында бастамашылдық пен шығармашылықты таныта біледі, қызметтеі міндеттерін орындау кезінде құқықтарды бұзбай мемлекет муддесін қорғауға, салықтөлеушілердің заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған.Теңгерімді және әдепті. Манакова Гаухар Кажмухановна төрт қызды тәрбиелейтін көп балалы ана болып табылады.