
Мемлекеттік кірістер комитеті «Қызмет көрсету орталығының үздік қызметкері» атағына 223 МКБ арасында ай сайынғы конкурс шеңберінде 2022 жылдың желтоқсан айында конкурс өткізді.
Конкурс аумақтық МҚҚБ қызметкерлеріне жасырын қоңырау шалу жолымен өткізіледі және бірнеше критерийлерді қамтиды:
- Жеке деректерді ұсына отырып, салық төлеушінің корпоративтік сәлемдесуі;
- Қойылған сұраққа толық және дұрыс кеңес беру;
- Салық төлеушінің қарсылықтарына, даулы мәселелеріне барабар жауап беру қабілеті.
Бұл конкурс қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің қызмет көрсету нәтижесіне объективті баға алуға бағытталған және мемлекеттік кірістер органдарының көрсетілген қызметтерінің сапасын арттыруға тікелей әсер етеді.
2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша «Кызмет көрсету орталығының үздік қызметкері»:
Саметов Сабит Акылбекович – Ақмола облысы бойынша МКД Қорғалжын МКБ салық төлеушілермен жұмыс жасау бөлімінің басшысы болып танылды.
Саметов Сабит Акылбекович Мемлекеттік кірістер органдарында 15 жылдан астам жұмыс жасайды.
Саметов Сабит Акылбекович жұмыс барысында өзін сауатты, белсенді,жауапты басшы ретінді таныта білді, ұжымдағы құрметке ие.