
2023 жылдың 3 ақпанында, Қызылорда қаласы А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде «Жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заңды түсіндіру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің бастамасымен облыс тұрғындарына арналған семинар-кездесу өтті.
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы мәселелеріді ҚР ҚМ МКК басқарма басшысының орынбасары Аманов А.С. және оқу-әдістемелік орталығы біліктілікті арттыру бөлімінің басшысы Ислямова Ж. жан-жақты түсіндірме берді.
Кездесуге облыс тұрғындарымен қатар БАҚ өкілдері, заңгерлер, оның ішінде заң палаталарының өкілдері, бухгалтерлер және басқа да қаржы ұйымдардың қызметкерлері қатысты.
Іс-шарада үлкен пікірталастар мен кері байланыс болды, сонымен қатар өтініш берудің әр түрлі жағдайлары қарастырылып, банкроттық процесінің барлық аспектілері ашылды. Бұл аншлаг банкроттық тақырыбының өзектілігін көрсетеді.