Жарияланған күні: 30.05.2017 18:35
Өзгертілген күні: 30.05.2017 18:37

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

       Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі және Қызылорда облысы бойынша ішкі істер департаментінің  бірлесіп жүргізген жедел-іс шаралары барысында жалпы салмағы 5 килограммға жуық болатын есірткі ұсталды.

        «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тас жолының бойында Қызылорда-Орал бағытында кетіп бара жатқан «Лада Приора» маркалы автокөлігінен  иісшіл «Чанди» күдіктенді.  Автокөліктің артқы салонын қарау жүргізу барысында, қол сөмкелерден полиэтилен пакетіне оралған жасыл түсті ерекше иісі бар, есірткі затына ұқсас зат табылып анықталған. Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларға жүргізілетін сот сарапшылық зерттеудің қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 4 990,09 грамм болатын аса ірі мөлшердегі есірткі заты – «кептірілген марихуана» екені анықталды.

         Аталған факт бойынша  ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне тіркеуге алынған №174300121000121 қылмыстық іс, ҚР ҚПК-нің 186-бабының 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, тергеу реттілігі бойынша Арал аудандық ішкі істер бөліміне жолданды.

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)