
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Мемлекеттік кіріс органдарына сенім деңгейі төмен аймақтар салық және кеден қызметтеріне өте төмен дәрежеде қанағаттанады
2017 ж. 22 ақпанда Астана қаласында тәуелсіз бақылау қорытындылары бойынша Қазақстан Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс органдары қызметтерінің сапасы туралы талқылау өтеді. Салық және кеден кеңесшілерінің ұлттық ассоциациясымен бірлесіп, Қазақстан салық төлеушілер ассоциациясы іс-шараның ұйымдастырушысы болып шықты.
Мемлекеттік кіріс комитеті – өз жұмысында тұтынушылардың ғылыми-зерттеуін тұрақты түрде пайдаланатын жалғыз мемлекеттік орган болып табылады: 2007 жылдан бастап салық және 2015 жылдан – кедендік қызметтер мен Экономикалық тергеу қызметтерін. Кәсіпкерлер, тұрғындар және мемлекеттік қызметшілердің сауалнама нәтижелері негізінде, Қаржы министрлігі стратегиялық даму көрсеткіштерін түзетеді, ал Мемлекеттік кіріс комитеті басқару шешімдерін қабылдайды. Сауалнама байқаулық негізде, тәуелсіз әлеуметтік агенттіктерімен Қазақстан салық төлеушілері қауымдастығының тапсырысымен жүргізіледі.
Жалпы алғанда, 2016 ж. зерттеу нәтижелері бойынша салық қызметтері (80,6%) кеден қызметтері (73,6%) мен экономикалық тергеу қызметтеріне (60,2%) қарағанда жоғары бағаланады, бірақ өткен жылмен салыстыратын болсақ, салық органдары қызметтерімен қанағаттанудың төмендеуі (2,9%-ға), сондай-ақ, кеден қызметтері (2,7%) мен экономикалық тергеу қызметтері бойынша (1,2%) керісінше өсуі байқалады.
Мемлекеттік кіріс органдарының қызметіне қанағаттанудың ең жоғарғы деңгейі Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облыстарында және Алматы қаласында тіркелген. Алматы және Батыс-Қазақстан облыстарының нәтижелері жаман емес.
Салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың орнау қатері таныс арқылы қызмет көрсетумен, ал кеден органдарында – таныс арқылы қызмет көрсету мен сыйақы беруімен байланысты. Жалпы алғанда, сыбайлас жемқорлық Астана қаласында, Атырау және Маңғыстау облыстарында сұхбаткерлермен жоғары белгіленеді (10%-дан аса). Мемлекеттік кіріс органдарына сенім деңгейі төмен аймақтарда мемлекеттік кіріс комитетінің қызметтеріне қанағаттанушылық ең төмен екенін көрсететін заңдылық анықталды.
Қызметтің күту уақыты, жағдайлары, рәсім шарттары, қызметкерлердің қасиеттері, ақпараттың мазмұндылығы, техникалық жабдықтандыру аспектілері бойынша Мемлекеттік кіріс комитетінің 14 қызметі (бағдарлар) зерттелді. Осы жылы жеке параметрлерге қатысты маңызды жазғырулар болған жоқ. Кеден органдарының техникалық құрылғыларының жұмысы анағұрлым жақсартылған, дегенмен, оның тұтынушылары көрсетілетін ақпаратқа салық қызметтерінің тұтынушыларынан кем қанағаттануда. Телефон, колл-орталық және әлеуметтік желілер арқылы хабарландыруға қарағанда, МКК/Төрағаның блогы веб-сайтының жақсы байланыстық жұмысы белгіленуде.
Зерттеу Сандж зерттеу орталығымен өткізілді. Деректер 2016 жылдың тамыз айында бір уақытта Қазақстанның барлық аймақтарында, сонымен қатар шекарамен шектес кедендік бекеттерде жиналды. 3803 салық қызметін алушылары (бизнес пен халық), 2778 кеден қызметін алушылары (бизнес пен халық), 993 мемлекеттік қызметкерлері сұхбатқа қатысқан болатын.
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)