
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп 2024 жылғы 11 қаңтарда жалпыға бірдей декларациялау және мобильді аударымдарға бақылауды енгізу бөлігінде салық заңнамасын түсіндіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Бұл іс-шараға аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің, өңірлік кәсіпкерлер палатасының, қауымдастықтар мен бизнес-қоғамдастықтың өкілдері де онлайн режимде қатысты.
Спикерлер бизнес өкілдерінің өзекті сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті.