
Салықтық әкімшілендірудің бизнес-процестерін автоматтандыру бойынша ең үздік идея авторлары материалдық тұрғыдан ынталандырылады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті тәуекелдерді басқару жүйесінің (ТБЖ) құралдары арқылы салықтық әкімшілендірудің бизнес-процестерін автоматтандыру бойынша ел азаматтарынан ең үздік ұсыныстарды іріктеудің басталғанын хабарлайды.
Еске сала кетейік, мемлекеттік кірістер органдары ТБЖ арқылы тәуекелдерді бағалау, тәуекелдерді анықтау және алдын-алу бойынша шараларды қолданады. Тәуекел дегеніміз - салық төлеушінің салық міндеттемелерін мүлде орындамауы немесе толықтай орындамауы, мемлекетке зиян келтіру немесе келтіруі мүмкін ықтималдығы.
Жіберілетін ұсыныстар көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге және адал бәсекелестікті ынталандыруға бағытталған шараларды қамтуы тиіс:
1) тәуекел тудыратын жағдайдың сипаттамасы;
2) тәуекелді анықтау және алдын алу бойынша ұсынылатын шешім жолдары;
3) Сіздің аты-жөніңіз бен байланыс деректеріңіз.
Ұсыныстарды ai.sergazieva@kgd.gov.kz (МКК бас сарапшысы
А.С. Серғазиева) электрондық мекенжайына жібере аласыздар.
Ең үздік ұсыныстар бастамашы азаматпен бірлесе отырып жүзеге асырылады. Ал егер Сіздің идеяңыз оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге, атап айтсақ бюджет қазынасын толтыруға көмектессе, бастамашы қаржылай ынталандырылады.
Еліміздің әл-ауқатын жақсартуға өз үлесіңізді қосыңыз!!!
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі
Байланыс телефоны: 8 (7172) 71 52 87, 71 71 16, 70 99 40