
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Мемлекеттік кірістер комитеті Ұлыбританияның Кеден және Кірістер қызметінің өкілдерімен бейнеконференция арқылы қашықтықтан семинар өткізді
2019 жылғы 7 қарашада «Astana hub» IT-стартаптарының Халықаралық технологиялық паркінің алаңында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) Ұлыбританияның Кеден және Кірістер қызметінің өкілдерімен бейнеконференция арқылы қашықтықтан семинар өткізді.
Семинарға тыңдаушылар ретінде Комитеттің Орталық аппаратының және Комитеттің оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері қатысты.
Іс-шара Ұлыбританияның салықтық әкімшілендіру саласындағы өзекті мәселелер бойынша: салықтарды цифрландыру, салықтық бақылау тетіктерін жетілдіру, көлеңкелі экономикаға қарсы тұру, салық төлеушілерді санаттау және әлеуметтік желілерді пайдалану саласындағы тәжірибесін зерделеу аясында өткізілді.
Дәріскер ретінде: Камран Куарди - аға саяси кеңесші, Дэвид Джонсон - CDIO Architecture&Innovation бөлімінің басшысы, Аарон Миллер - MA деректерін талдау және пайдалану саласындағы жетекші маман, Стив Маккарни - Live Service трансформация бөлімінің басшысы, Дэйв Макалпайн - RIS Risk Risk Insight & Analytics.
Мемлекеттік кірістер комитеті органдарының қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеруге, сондай-ақ шет мемлекеттердің салық және кеден қызметтері арасындағы халықаралық қатынастарды нығайтуға ерекше назар аударып отыр.