Жарияланған күні: 26.02.2019 15:21
Өзгертілген күні: 18.03.2019 11:57

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Мемлекеттік кірістер комитеті үш құрауышты интеграцияланған жүйенің жобасы бойынша ұсыныстарды қабылдауда

 

Құрметті салық төлеуші (салық агенті)!

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасымен Салық кодексіне үш құрауышты интеграцияланған жүйесін дара кәсіпкерлермен өз еркімен қолдануды көздейтін түзетулер енгізілетінін хабарлайды.

Үш құрауышты интеграцияланған жүйе тауарлардың есепке алынуын, сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды автоматтандыруға арналған және деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден, сонымен қатар есепті автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) тұрады.

Үш құрауышты интеграцияланған жүйесі мен оның есебі, оны орнату тәртібі мен қолдану бойынша талаптары Ұлттық экономика министрлігі, Ақпарат және коммуникация министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің келісімдері бойынша Қаржы министрлігімен белгіленеді.

Осыған байланысты, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті үш құрауышты интеграцияланған жүйе бойынша талаптарды жетілдіруге  қатысып, тиісті ұсыныстарды және  Жұмыс тобына қосу үшін кандидаттар тізімін 2019 жылдың 27 ақпанға дейін zaubakirova@mgd.kz, mdinashev@mgd.kz  электронды мекен- жайларына  жіберуді немесе 8 (7172) 71-82-67 телефоны бойынша хабарлауды сұрайды.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)