
Салық есептілігін ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін ұсыну қажет. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
После представления индивидуальными предпринимателями расчета стоимости патента налоговый орган производит формирование патента в информационной системе налогового органа в течение одного рабочего дня, следующего за датой представления расчета.
Дара кәсіпкер 2023 жылы патент бойынша қызметті жүзеге асыру үшін патент құнының есебін орналасқан жері бойынша салық органына ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін ұсыну қажет. Есептілік тапсырудың соңғы күндерінде ақпараттық жүйе мен байланыс арналарына жүктеменің артуын болдырмау мақсатында салық есептілігін алдын-ала ұсынуға кеңес береміз.
Патент құнының есебін қағаз түрінде немесе электронды нысанда, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы да ұсынуға болады.
Патент құнын төлеуді салық төлеуші есеп ұсынылғанға дейін жүргізеді.
Патент алу үшін салық төлеуші патент құнын есептеуде болжамды (күтілетін) кіріс сомасын көрсетеді. Одан жеке табыс салығы сомасын (1% мөлшерінде) және әлеуметтік төлемдерді есептейді.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдан бастап 2020-2022 жылдары аралығындағы, яғни 3 жыл мерзімге табыс салығын төлеуден босату мерзімі аяқталды. Осыған байланысты аталған жеңілдік 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап алынған табыстарға қолданылмайды.
Дара кәсіпкерлер патент құнының есебін ұсынғаннан кейін салық органы есепті табыс еткен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде салық органының ақпараттық жүйесінде патент қалыптастырады.
Патент негізінде арнаулы салық режимін мына шарттарға сай келетін дара кәсіпкерлер қолдануға құқылы:
- бір жылдағы шекті табысы 3 528 айлық есептік көрсеткіштентен аспайтын, яғни 2023 жылы 12 171 600 теңгеден (2023 жылға АЕК - 3450 теңге) аспайтын;
- жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
- қызметiн жеке кәсіпкерлiк нысанында жүзеге асыратын;
- мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін жүргізетін:
сылақ жұмыстарын;
ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстарын;
еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды;
бояу және шынылау жұмыстарын;
такси қызметін;
автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды;
сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды;
фотография саласындағы қызметті;
аударма (ауызша және жазбаша) ісін;
мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
ойын-сауық және спорттық керек-жарақтарды прокатқа және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
бейнежазбалар мен дискілерді прокатқа беруді;
басқа да жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокатқа беруді және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
есептеуіш техниканы қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
мәдениет саласындағы білім берудің көрсетілетін қызметтерін;
басқа да білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
қосалқы білім беру қызметтерін;
өнер саласындағы қызметті;
компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеуді;
коммуникациялық жабдықты жөндеуді;
жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеуді;
шаштараз қызметтерін;
маникюрді және педикюрді;
ветеринариялық көрсетілетін қызметтерді;
жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді;
музыкалық аспаптарды жасауды және жөндеуді;
үй жануарларын бағуды жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер қолдануға құқылы.