
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІНІҢ БАСШЫЛАРЫ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ТЕХНИКАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
27 шілдеде Орталық аппарат пен өңірлік бөлімшелердің басшыларына арналған "ҚР ҚМ МКК табысты басқару қызметіндегі коммуникативтік құзыреттілік техникасы" семинар-тренингі өтті.
Тренинг барысында дәріс беруші профессор Лейла Асылбекова қатысушыларға жеке, әлеуметтік және кәсіби жетістіктердің негіздері туралы айтып берді. Сондай-ақ, басшылықтың стилі: басшының бағынышты әдістермен өзара іс-қимыл параметрлері туралы да сөз болды.
Бірнеше блоктарға бөлінген тақырыптық семинарлар қатысушыларға басшының жеке жауапкершілігін, басымдықтарды сауатты орналастыру және жоспарлау қабілеттерін жетілдіруге көмектесті. Жедел немесе созылмалы күйзеліс жағдайлары модельденді, жеке және ұжымдық стресске төзімділікті дамыту әдістері жасалды.
Көпшілік алдында сөз сөйлеулер бойынша Мастер-класс жеке презентацияны, Шешендік шеберлік пен аудиториямен жұмыс жасауды қамтыды. Профессор Л. Асылбекова ораторға қажетті негізгі қасиеттер туралы айтып берді. Өзара әрекеттестіктің бейвербальдік арналары элементтерімен кейстер және аудиторияны сендіру әдістері қарастырылды.
Семинар-тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар берілді. Айта кетейік, осындай тренингтер Комитеттің басшылық құрамының кәсіби қасиеттерін одан әрі жетілдіру мақсатында тұрақты негізде өткізу жоспарланған.