ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Мемлекеттік кірістер комитетінің жұмысындағы мобилдік қосымшалар
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі-Комитет) құрылған уақыттан бастап өзін бизнес қоғамдастығы үшін 100% ашық орган ретінде жайғастырды. Бұл мақсаттар үшін Комитет барлық қол жетімді өзара қарым-қатынастың тәсілдерін, оның ішінде интернет кеңістігінің мүмкіндіктерін қолдануда.
Өткен жылғы шілдеден бастап +77001020202 нөмірі бойынша WhatsApp қосымшасы жұмысын бастады.
Азаматтардың хабарламаларын қараудың қорытындысы туралы бүгін брифингте Комитеттің ресми өкілі Жамбыл Сұрағанов айтты. Оның сөзі бойынша бүгінгі күнге, яғни 9 ай ішінде тұрғындардан 3000-нан астам хабарлама түскен, ең «көкейкесті» мәселелер бойынша өтініштердің «көшбасында» мыналар:
-кассалық тәртіптің бұзылуы;
- заңсыз ойын бизнесін жүргізу;
- заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу;
- алкогольді өнімді лицензиясыз іске асыру;
- контрабанда.
Сонымен қатар, Ж. Сұрағанов жеке азаматтарға конструктивті сын және Комитеттің бизнес-процессін жетілдіру бойынша ұсыныстарына алғысын білдірді.
Жалпы хабарламаларды қарау жұмысы «анықтау-ескерту» қағидасы бойынша жүргізіледі, яғни Комитет «жаппай» жазалау міндетін қоймайды. Мақсат: заңнаманың бұзылуы туралы ескерту, аталған бұзушылықтың мағынасын түсіндіру, болуы мүмкін зардаптары туралы ескерту, егер бұзушылыққа жүйелі түрде жол берілсе әкімшілік шаралар қолданылады.
Алайда түскен ақпаратты өңдеуде күрделі салдар бар және жеткілікті екенін айтты, Жамбыл Сұрағанов келесі мысалдарды келтірді:
заңсыз ойын бизнесін жүргізу фактілері Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында анықталды.
контрабанда фактілері
ағымдағы жылғы ақпан айында ҚР аумағына 10 бірлік самосвал контрабандамен әкелінген және кедендік төлемдерді төлеуден айналып өтіп, Астана қаласында есепке қойылған, осылайша бюджетке ауқымды сома түспей қалуда.
Қазіргі кезде Астана қаласы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі автокөлік құралын контрабандамен әкелу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде (ҚР ҚК 234б., 1б.).
Ресми өкіл өзінің сөзін жалғастыра келе 2015 жылы Қазақстанның жас стартапперлері әзірлеген WIPON мобилді қосымшасы іске қосылғанын атап өтті! Бұл қосымшаны өзіңнің мобилді құрылғыңа жүктеп және контрафакті алкоголь өнімдерін анықтау үшін қолдануға болады.
Оның қызмет ету нәтижесі мынадай:
қосымшаны - 30 мың қолданушы жүктеген;
30 мыңнан аса өнім сканерленіп, олардың 31% контрафакті болған.
Бұл қосымша даму үстінде, жаңарудан өтеді және онда мынадай жаңашылдықтарға қол жетімді: алкоголь туралы қосымша ақпараттар – атауы, көлемі, өндіруші; жалған өнімнен қалай қорғану керектігі туралы ақпарат. Сондай-ақ жақын арада бөлшек саудадағы сатушыларға алған және сатқан кезде алкогольді тексеруге мүмкіндік болатындай етіп жаңартылады.
Қорытындылай келе, Жамбыл Сұрағанов өзара қарым-қатынас процесі белсенді жүріп жатқанын – тұрғындардың Комитеттің жұмысын қолдайтынын және барлық салықтарды төлеуден және көлеңкелі бизнесті жүргізуден кету көріністері мен әрекетін анықтауға қатысуда екенін айтты.
Қосымша ақпараттар үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметіне pressa@mgd.kz электрондық пошта арқылы хабарласуға болады.