
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Тауарларды уақытша сақтаудың электрондық әдісі іске қосылды
Мемлекеттік кірістер комиті бүгін АСТАНА-1 АЖ-де тауарларды уақытша сақтаудың электрондық әдісі іске қосылғандығын хабарлайды.
АСТАНА-1 АЖ тауарларды уақытша сақтау орындарының иелеріне шынайы уақыт режимінде сақтауда орналасқан тауарлардың шығаруын қадағалауға, сонымен қатар транзиттік декларациялардың жабылу және тауарларға арналған декларациялардың шығарылу ақпараттарын қарауға мүмкіншілік беретін «Тауарларды сақтау құжаты» функционалы даярланды.
Сонымен қатар, СЭҚҚ тауарларды уақытша сақтау орындарынан кеден органдарының белгілері бар декларацияларды бермеуге мүмкіншілік береді және СЭҚҚ мен кеден органдарының лауазымды тұлғалар арасындағы тікелей байланысты жояды.
Оған қарамастан, УСҚ иелерінде АСТАНА-1 АЖ тауарлардың шығарылуына дейінгі сақтау есеп жүйесін жүргізуге мүмкіншіліктері болады.
Осы күнге дейін кеден тазартудың мерзімін неғұрлым қысқартып, электронды ресімдеу арқылы автоматты түрде 335 мыңнан астам кеден декларациялары шығарылған.
Кеден органдарымен қабылданған кеден процесстер шаралары бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін бағытталған.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)