Жарияланған күні: 14.04.2023 17:57
Өзгертілген күні: 14.04.2023 18:00

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес   туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  8-бабына сәйкес 2023 жылғы 24 сәуірден бастап мемлекеттік кірістер органдары қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауын жүргізуді жоспарлап отыр.

Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар проблемалық мәселелерді (құқықтық актілер, жұмыс процестері, салықтық және кедендік  әкімшілендіру, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде және т.б.)  2023 жылғы 24 сәуіріне дейін al.anuarova@kgd.gov.kz электрондық пошта мекенжайына жіберуіңізді сұраймыз.

Сұрақтарыңыз болса, 71-76-97 телефон номеріне хабарласыңыз.