
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ АРАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
2019 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты іс-шара өтті.
Бұл сұрақты баяндау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Мемлекеттік техникалық қызметінің, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері шақырылды.
Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу мақсатында Комитетпен барлық мүмкін шаралар қолданылып жатқанын атап өту қажет.
Соның ішінде, «Қаржы министрлігі – Адалдық алаңы» жобалау кеңсесінің қызметі шеңберінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын себептерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін Сарапшылық кеңесі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобы құрылды, Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тәуекелдерін болдырмау мен алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары және т.б. бекітілді.
Бүгінгі таңда, жиынтық профилактикалық іс-шараларды қолдана отырып мемлекеттік қызметтің кейбір түрлерін, кедендік рәсімдеуді, камералдық бақылауды және т.б. іс-шараларды автоматтандыру сияқты жүргізіліп жатқан жұмыстар мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзімділік деңгейін нөлдік дәрежеге жоғарлатуға септігін тигізді, нәтижесінде 2019 жылдың 1-жарты жылдығында былтырғы жылдың ағымдағы кезеңімен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыстардың саны төмендеді.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғ., 11)