Жарияланған күні: 23.11.2018 18:20
Өзгертілген күні: 23.11.2018 18:21

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

«Мемлекеттік кірістер органдарының корпоративтік желісіндегі ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында семинар өткізілді

 

2018 жылдың 21-23 қарашасы аралығында ҚР ҚМ МКК ОӘО базасында «Мемлекеттік кірістер органдарының корпоративтік желісіндегі ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбына семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты - ақпараттық қауіпсіздік саласында мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру.

Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдары ақпараттық технологиялар бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.

Дәріскер ретінде Левин Марк Вадимович – «Human Growth Kazakhstan» компаниясының Cisco сертификатталған нұсқаушысы, ақпараттық қауіпсіздік магистрі қатысты.

Қатысушылар Cisco FirePower сәулетімен, карта желісін құрумен және мәнмәтіндік ақпаратты жинаумен, қолжетімділікті бақылау саясатымен (ACP), статистикалық және беделдік талдаумен таныстырылды.

Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде сәтті өтті.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар берілді.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)