Жарияланған күні: 01.03.2019 14:29
Өзгертілген күні: 14.03.2019 19:51

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

«Мемлекеттік кірістер органыңда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ізін кесу» тақырыбында дәріс оқытылды

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ішкі қауіпсіздік басқармасы тарапынан 2019 жылдың 28 ақпанында ҚР ҚМ МКК қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу және анықтау туралы статистиканы келтіріп, бейнероликтерді көрсете отырып, «Мемлекеттік кірістер органыңда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ізін кесу» тақырыбында дәріс өткізді.

Бұл шара мемлекеттік кірістер органыңда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті әрі қарай жоғарылату мақсатында өткізілді.

 

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)