
2021 жылғы 24 – 26 қараша аралығында Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі - ОӘО) ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасымен бірлесіп Polycom БКБ, ZOOM көрсетілім арқылы «Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – салық төлеушілерге электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ету.
Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.
Ағымдағы жылдың 25 қарашасында сағат 10.10 семинар тыңдаушылары үшін Polycom БКБ, ZOOM көрсетілім арқылы дәріс оқылды.
Іс-шарада ОӘО Біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің басшысы Бакытбек Игибаевич Абдраймов модератор жұмысын атқарды.
Дәріскер ретінде – ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы басшысы орынбасарының м.а. – Гульжанат Жоламановна Жакаева қатысты.
Семинар барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін сақтау, дәлелді бас тарту, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы нормативтік-құқықтық актілер, мемлекеттік қызметтерді E-gov mobile және E-Salyq-Azamat мобильдік қосымшаларына шығару, 2021 жылдың 10 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, 2017 жылдан 2021 жылға дейін мемлекеттік қызметтердің өсу динамикасы, 2022 жылы E-Salyq-Azamat мобильді қосымшасы арқылы қызмет көрсету сапасын бағалау мүмкіндігі және терминалдар арқылы қызмет көрсету сапасын бағалау мүмкіндігі мәселелері талқыланды.
Осылайша, аталған семинар мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жетілдіруге мүмкіндік береді.