Жарияланған күні: 31.01.2023 16:31
Өзгертілген күні: 31.01.2023 16:32

Минералдық шикізатқа (ПҚӨС) Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық салу объектісі минералдық шикізат құрамындағы пайдалы қазбалардың нақты көлемі (өтелген қорлардың салық салынатын көлемі) болып табылады. Бұл ретте өтелген қорлар ҚР пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссия (ҚМК) жүргізетін сараптамаға және пайдалы қазбалардың мемлекеттік балансына байланысты.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес қорларды есепке алу CRIRSCO кен орындарының қорлары туралы есептіліктің халықаралық стандарттары негізінде қабылданған геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералдық ресурстар және минералдық қорлар туралы қазақстандық жария есептілік кодексі (KAZRC Кодексі) бойынша жүргізілетін болады.

         Сәйкесінше, МҚК және мемлекеттік теңгерім жойылуға жатады.

         Осыған байланысты, Салық кодексінің 1, 260, 744, 745, 746-баптарының 45), 49) тармақшаларына түзетулермен ПҚӨС салық салу объектісін айқындау (мемлекеттік баланстың өтелген қорларынан нақты өндіруге көшу) мәселесі реттелді.

         Ведомствода нормалар 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетінін атап өтті.