Жарияланған күні: 23.05.2017 18:16
Өзгертілген күні: 23.05.2017 18:20

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

«Түбіртекті талап ет те  жүлдені ұтып ал науқаны

 

Мемлекеттік кірістер комитеті  азаматтық белсенділікті арттыру және көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыру мақсатында  «Атамекен»  ҰКП-ның қолдауымен «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» кезекті акция  өткізеді.

Акция тауарларды сатып алғаны, жұмыстарды орындағаны және қызметтерді көрсеткені үшін ақшалай есеп-айырысулар кезінде кәсіпкерлердің түбіртектерді беруіне қатысты бақылау-кассалық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған.

Осылайша, Мемлекеттік кірістер комитеті  азаматтарымызға салықтық заңнаманы сақтау бойынша қоғамдық бақылауға қатысуына, оның үстіне бағалы жүлделер ұтып алуға мүмкіндік береді.

Биыл өткен жылдағыдай акция «Wipon»  мобильді қосымшасы  арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл қосымшаны Apple App store және Google Play market-тен  тегін жүктеуге болады.

Акцияға өздері тұтынған тауар, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің суретін жіберген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Егер фискалды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарды көрсетіп шағым жібере алады.

Акция ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін өткізіледі. Осы кезеңде барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларында ай сайын жүлделердің ұтысы мен оларды табыстау өтеді. 

Бас финал жылдың аяғында Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді. Онда бағалы жүлделер, оның ішінде бас жүлде – автокөлік ұтысқа салынады.

Ұтыс жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады. Қаншалықты көп чек жіберілсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты өсе түседі. 

Қайталанып жіберліген чектер ұтысқа қатыспайды.

Жеңімпаздарды анықтау үрдісінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін әрбір облыс пен Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитетінің жанында құрамына кәсіпкерлер қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тұратын комиссиялар құрылады.

Осы жылғы акцияның басты мақсаты азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Бейбітшілік 10)