Жарияланған күні: 01.03.2016 18:49
Өзгертілген күні: 01.03.2016 19:00

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

МКК экономикалық тергеу қызметінің ұжымы ағымдағы жылғы 25 ақпанда МКК Ардагерлер қауымдастығының төрайымы Б.А.Сейіловамен бірлесіп әріптес, тергеу жұмысының ардагері Василий Васильевич Цуранковты 60-жылдық мерейтойымен құттықтады.

Василий Васильевич Цуранков тәуелсіз Қазақстан қалыптасуының қиын уақытында салықтық тергеу аппаратының, кейіннен қаржы полициясы органдарының қалыптасу бастауында тұрды.

В.В. Цуранков Совет Армиясының қатарындағы қызметінен кейін Омск мемлекеттік университетінің заң факультетін аяқтады.

Еңбек жолын Көкшетау облыстық сотында консультант ретінде бастап, кейіннен прокуратура органдарындағы қызметке түсті.

1994 жылы Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары, кейін Жамбыл облысының МТКД және ҰҚКД бастығының орынбасары, Бас әскери прокуратураның тергеу бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

1998 жылдан бастап салық полициясы органдарында: Полиция комитетінің Бас тергеу басқармасының бастығы, содан Республиканың қаржы полициясы органдарының Тергеу және анықтау департаментінің бастығы болды.

Әрине, барлық жаңашылдықтың қалыптасуы сияқты барлығы ойдағыдай болмады. Біртіндеп оң тәжірибе жиналып, ұйымдастырушылық-әдістемелік және кадр жұмысы қалыптасып жатты. Халықаралық ынтмақтастық алға қойылды. Нәтижелері де көп күттірмеді. Салық поциясы органдарының өзі алғашқы кезеңнің өзінде сол уақытқа аты шулы қылмыстық істермен өзін таныта бастады. Салықтық қылмыстардың жолын кесу бойынша жұмыс еселеп күшейді.

Тергеу аппаратының жұмысындағы басымдықтарының бірі ретінде мемлекетке материалдық залалды  өндіріп алу және салықтық бересіні өтеу айқындалды. Тергеу қызметкерлері бюджетті толықтыруға елеулі үлес қосты, мұның нәтижесінде әлеуметтік қысымды алу үшін дәрігерлерге, мұғалімдерге, мемлекеттік қызметшілерге зейнетақы мен жалақы бойынша берешекті өтеуге ықпал етті. Қаржы полициясының қызметінде, тергеу департаментінің бірінші басшысы болып қаржы полициясының полковнигі Ва­силий Васильевич Цуранков  тағайындалған Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі құрылғаннан кейін де алып келген сабақтастық және мейірімді дәстүрлер сақталды. 2007 жылы ол еңбек сіңірген демалысқа шықты. Бірақ оның кәсіби тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілеті азаматтық өмірде де сұранысқа ие болды. Соңғы жылдары кәсіпорындардағы, консалтингтік және коллекторлық қызметтердегі экономикалық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін ұйымдастырумен айналысты. Үлкен ұлы әке жолын қуып, Бас прокурордың аға көмекшісі, ал кіші ұлы дәрігер болып қызмет атқаруда. Төрт немересі атасының жиі қонағы.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі