Жарияланған күні: 28.10.2022 18:39
Өзгертілген күні: 28.10.2022 18:41

2022 жылғы 19 – 21 қазан аралығында Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі - ОӘО) ҚР ҚМ МКК Өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің Арнайы салық режимдерін әкімшілендіру және жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі  басқармасы және Жеке тұлғалардың табыстарын жалпыға бірдей декларациялау және әкімшілендіру басқармасымен бірлесіп Polycom БКБ арқылы «МКК мобильді қосымшасы. МКК цифрлық өнімдерінің функциялары мен міндеттері. Салық есептілігін қалыптастыру. Кері байланыс» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – e-Salyq Azamat және e-Salyq Business қосымшаларын пайдалану бойынша салық төлеушілермен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру үшін аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін оқыту.

Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

Ағымдағы жылдың 20 қазанында сағат 10.05 семинар тыңдаушылары үшін Polycom БКБ арқылы дәріс оқылды.

Іс-шарада ОӘО Біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің бас маманы  Бауржан Тажиевич Акимов модератор жұмысын атқарды.

 Дәріскерлер ретінде – ҚР ҚМ МКК Өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаменті Арнайы салық режимдерін әкімшілендіру және жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі  басқармасының басшысы – Гульмира Амиргалиевна Смагулова;

-ҚР ҚМ МКК Өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және     арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаменті Жеке тұлғалардың табыстарын жалпыға бірдей декларациялау және әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары – Ерқанат Қамидоллаұлы Шыңберген қатысты.

Қатысушылар е-Salyq Azamat мобильді қосымшасымен – App Store, Google Play, App Gallery алаңдарында қолжетімді салық төлеушінің электрондық әмияндарымен, кәсіпкердің салық міндеттемелерін орындауды жеңілдету мақсатында құрылған жеке кәсіпкерлерге арналған e-Salyq  Business мобильді қосымшасымен, e-Salyq Business даму перспективаларымен  таныстырылды.

Семинардың қорытындысы бойынша 78 қатысушы біліктілігін арттырды.