
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
«ЕХРО-2017» Халықаралық көрмесі уақытша әкелінген тауарларды, шекара арқылы тауар үлгілерін, кәсіби жабдықтарды және кейбір басқа санаттағы тауарларды жеделдетіп ресімдеуді артудың өзекті негізі. Сонымен, көрмелер мен жәрмеңкелерге тауарларды уақытша әкеліп өткізуге байланысты және тауар үлгілерін шекара арқылы өткізу үшін кедендік декларацияны алмастыратын және жедел жеңілдетілген ресімдеуді жүзеге асыруға мүмкімдік беретін халықаралық кедендік құжат – Карнет АТА болып табылады Қазақстан Республикасында Карнет АТА рәсімі алғаш рет қолданылатынын ескере отырып, Ресей Федералдық кеден қызметінің, Беларусь Республикасы Кеден Комитетінің, Ресей Федерациясының Сауда-өнеркәсіп палатасының, Беларусь Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының сарапшы-практиктердің және халықаралық ұйымдардың, бизнес коғамы өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы ЕҚЫҰ-ның бірге ағымдағы жылдың наурыз айының 02-03 аралығында Астана қаласында «Карнет АТА жобасы бойынша рәсімдерін іс-жүзінде қолдану, кедендік құжаттарды толтыру тәртібі» тақырыбына халықаралық семинар өткізді.
Семинардың негізгі міндеті – мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін карнет АТА халықаралық рәсімін қолдану мәселелері бойынша құзыреттілігін арттыру. Тыңдаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - МКК) қызметкерлері, аумақтық мемлекеттік кірістер органдары мен бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері қатысты. Халықаралық семинардың ашылу салтанатында Б. Шалабаев. - ҚР ҚМ МКК оқу-әдістемелік орталығының басшысы, Елші Дьердь Сабо - ЕҚЫҰ бағдарламалар Кеңсесінің Басшысы, А. Еренов - Қазақстан Сыртқы сауда палатасының Басқарма Төрағасы (бұдан әрі - ССП),семинардың модераторы - М..Жанғозин- ОӘО басшының орынбасары сөз сөйледі. «Қазақстанда Карнет АТА енгізу туралы (ағымдағы жағдай, мәселелер)» тақырыпта ҚР МКК КӘД - кедендік рәсімдеу және декларациялау Әдіснамасы басқармасының бас сарапшысы Окапова А. Б. (бұрын мәлімделген Серғазиева Т. А орнына., қызметтік іссапарда болу салдарынан) сөз сөйледі. Сыртқы Сауда-өнеркәсіп палатасынан ССП менеджері - Сукуров Н.Н., сөз сөйледі.
Негізгі лекторлар ретінде:
1) Сергей Александрович Балясников - ҚР Ресей Федерациясының кеден қызметі Өкілдігінің өкілі бас маман-сарапшысы,.
2) Наталья Павловна Большакова - Беларусь Республикасының Мемлекеттік Кеден Комитетінің кедендік декларациялау және тауарларды кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының бөлімінің бастығы,
3) Артур Дмитриевич Князев - Ресей Федерациясының Сауда-өнеркәсіп палатасының заң департаментінің бас сарапшысы,
4) Юлия Александровна Лаппо, Беларусь Сауда-өнеркәсіп палатасының сыртқы экономикалық қызмет, халықаралық ынтымақтастық басқармасының маманы.
Дәріскерлермен Ресей Федерациясында және Беларусь Республикасында Карнет АТА рәсімін енгізу кезеңдері қарастырылды, ратификацияланған Стамбул Конвенциясының Келісіміне және қосымшаларына ерекше назар аударылды. Семинардың тәжірибелік бөлімінде Карнет АТА карнет - парақтарын жинақтау, тәртібі мен толтыру ерекшелігі және т. б. түсіндірілді. Сарапшылар өз елдерінде Карнет АТА рәсімдерін нақты практикалық мысалдармен және проблемалық жағдайларды жүзеге асыру жөніндегі кедендік бақылау бойынша және сауда-өнеркәсіп палаталарының қызметі бойынша бөлісті. Семинар барысында қатысушыларды Карнет АТА рәсімі бойынша тасымалданатын тауарларға кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін жағдайлар қызықтырды (әкелу/әкету кедендік тексеріп қарау, тыйым салулар мен шектеулер, жалған декларациялау анықталған жағдайлары, басқару жүйесінің тәуекелерің қолдану, және т. б.). Базалық білімін анықтау үшін алдын ала тестілеу өткізілді, орташа мәні - 78 %. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға қорытынды тестілеу ұйымдастырылды, (білім деңгейі - 85%), мемлекеттік кірістер органдарының 31 қызметкеріне семинарды ойдағыдай өткені ушін сертификаттар усынды. Семинар қорытындысы бойынша сауалнама жүргізілді, сауалнаманы өндеуде семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны және сарапшылардың жоғары даярлық деңгейін көрсетті.
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)