Жарияланған күні: 30.05.2017 11:57
Өзгертілген күні: 30.05.2017 12:00

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

«Несие үшін сыйақы»

      Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің Экономикалық тергеу қызметімен бірнеше азаматқа несие беру мәселесін   оңтайлы шешкені үшін, жүйелі түрде  5  млн.теңгеден жоғары  несиеге  260   000 теңге заңсыз сыйақы алу үстінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Атырау филиалы Индер аудандық басқармасының бастығы Мұхтарова Р.Ш. әшкереленді. Аталған қылмыстық құқық бұзушылық дерегі «Параға коммерциялық сатып алу»  ҚР ҚК-ның 253-бабының 5-тармағы 2-бөлімімен СДТБТ-ға тіркелді.  Бүгінгі күні сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде.

     Қылмыстық Кодекстің  аталған  бабының  санкциясы   бойынша   мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру  жазасы  көзделген.

         Өзге   ақпарат  тергеу  мүддесі  үшін  жарияланбайды.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)