2015 жылдың 11 маусымда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанның барлық аумақтарының салық төлеушілері және сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен «Салықтық және кедендік тексерулер нәтижелеріне сотқа дейінгі шағымдану» бейнесеминарын өткізді.
Салық салу әдіснама департаменті апелляция және заңды құқықтарды қамтамасыз ету басқрамасының Басшысы Л.Р. Ережепова 2012-2014 жылдарына салықтық және кедендік тексерулер нәтижелеріне берілген шағымдарды қарастыру қорытындалары, оларды қарастыру тәжірибесі және жүргізілетін жұмыстар туралы ақпараттандырды.
3 жылға салық төлеушілер шағымдарын қанағатттандыру пайызы саны бойынша 32,4% және сомалары бойынша 20,4% құрады, сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының шағымдары бойынша 2 жылға бұл көрсеткіш саны бойынша 9,6% және сомалары бойынша - 3,2% құрады.
Салықтық тексеру нәтижелері бойынша негізінен есептік құжатнамалардың растылығы және толықтылығы, жер қойнауын пайдаланушылармен, халықаралық салық салумен және ҚҚС қайтарумен байланысты сұрақтар шағымданады. кедендік тексерулер нәтижесінде – тауарлар кодтарын сыныптау және тауардың кедендік құнын анықтау сұрақтары.
Бейнесеминар қатысушыларына тексерулер нәтижелеріне шағым беру кезіндегі пайдалы ақпарат ұсынылды, атап айтқанда:
- Шағымдану бойынша толық ақпараттың, оның ішінде шағымдар үлгілері, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында орналасуы туралы;
- шағымдарды қарастыру барысында салық төлеушілермен және сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен кездесулер және бейнеконференция өткізу мүмкіндігі туралы;
- шағымдарды рәсімдеу бойынша (телефон 717893), шағымдар мәртебесі бойынша (телефон 717667) және бейнеконференция өткізу (телефон 717285) төлеушілер сұрақтарына жауап беретін лауазымды тұлғалардың байланыс мәліметтері берілген.
Аяқталуында онлайн режімінде және де алдын ала келіп түскен салық төлеушілер және сыртқы экономикалық қызмет қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді