
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
16.09.2015ж.
Баспасөз-релизі
2015 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожиннің басшылығымен Комитеттің делегациясы Беларусь Республикасының астанасы Минск қаласында өткен Кеден одағына мүше мемлекеттердің Кеден қызметтерінің біріккен алқасының кезекті отырысының жұмысына қатысты.
Осы интеграциялық бірлестік өз жұмысын 2011 жылы Кеден одағына мүше мемлекеттердің Кеден қызметтерінің біріккен алқасы туралы Шартқа қол қойылған сәттен бастады.
Алқа жұмысының мақсаты Еуразиялық экономикалық одақтың кеден қызметтерінің өзара іс-қимылын үйлестіру, аталған қызметтердің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеден заңнамасының және құқықтық реттеуінің қолдануын біріздендіру болып табылады.
Осы жылғы он алтыншы отырысқа Қазақстан, Беларусь, Ресей, Армения және Қырғызстанның кеден қызметтерінің басшылары және сарапшылары жиналды.
Көлемді күн тәртібіне қарамастан, алқа мүшелері кеден ісі саласындағы өзекті мәселелердің аса кең және бай спектрінің 20-ға жуық сұрақтарын талқылап және шешімін таба алды. Бұған сарапшылардың алдын ала жүргізілген егжей-тегжейлі жұмыстың себеп болды.
Атап айтқанда, Кеден одағына мүше мемлекеттердің Кеден қызметтері басшыларының біріккен алқасының отырысы барысында:
- Еуразиялық экономикалық одақтың аумағы бойынша тауарлардың транзиті кезінде кепілді механизмдерді одан әрі дамыту;
- Тәуекелдерді басқару жүйесі саласындағы жекелеген мәселелерді әкімшілендіру бойынша жүргізілген жұмысты қорытындылау;
- Кедендік бақылау акцентін кедендік декларациялау және тауарларды шығару кезеңінен тауарлар шығарылғаннан кейінгі кезеңге ауысу қағидатын іске асыру бойынша жұмыстың негізгі бағытын әзірлеу;
- Жеке тұлғалар халықарлық почта жөнелтілімдерінде өткізілетін Интернет-сауда арқылы сатып алған тауарларға қатысты электрондық алдын ала ақпаратты ұсыну;
- Еуразиялық экономикалық одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарларды жіктеу және т.б. қатысты мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданды.
Қабылданған шараларды іске асыру кеден органдарына ЕЭАО-да ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және одан әрі жетілдіру бойынша жұмысты толық жалғастыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ отырыс барысында Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметінің «Достық үшін» төсбелгісімен марапаттау рәсімі өтті. Осы белгімен ҚР ҚМ МКК төрағасы Дәулет Ерғожин және ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Ғұсман Әмрин марапатталды. Бұл марапатқа ҚР ҚМ МКК өкілдері «Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одағына қосылу бойынша іс-шараларға белсенді қатысқаны, сонымен қатар халықаралық кеден ынтымақтастығын нығайтуға қосқан зор үлесі үшін» ие болды.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі